Текст
Ұйымдар тізімі
Тарих ұмытуды кешірмейді.
Еске алу күні — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында, 21 мамырда Тельман мектебінің жоғары сынып оқушылары миллиондаған жазықсыз жандардың рухына тағзым ету үшін бас қосты. Сол ауыр жылдардың куәгерлерінің естеліктері мен мұрағаттық деректерге негізделген деректі фильм көрсетілді.
1930-жылдардағы жаппай қуғын-сүргін мен қатыгез саясат Қазақстан тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі болды. Күштеп ұжымдастыру, ашаршылық және саяси террор салдарынан халқымыз зиялы қауымының ең таңдаулы өкілдерінен айырылды, ал кең байтақ даламыз мыңдаған арнайы қоныстанушылар мен ГУЛАГ тұтқындарының мекеніне айналды.


« Саяси қуғын-сүргін құрбандарын...