Ұйымдар тізімі
Бүгін «Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 10-сыныпта информатика пәнінен қызықты әрі мазмұнды ашық сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы — «HTML-ге мультимедианы енгізу».
Оқушылар жұппен жұмыс жасап, HTML-дің негізгі ұғымдарын қайталады, веб-парақшаға сурет пен аудио қосуға арналған тегтерді меңгеріп, алған білімдерін тәжірибеде қолданды.
Сабақ барысында бейнеүзінділер, презентация, интерактивті тапсырмалар және жеке HTML-құжат құрастыру бойынша практикалық жұмыс пайдаланылды. Оқушылар мультимедиалық контентті енгізіп, безендіру элементтерін қосып, өз парақшаларының жұмысын тексерді.
Сабақ белсенді, танымдық деңгейде және ынтымақтастық пен шығармашылық атмосферасында өтті.
Сабақты информатика пәнінің мұғалімі Алиева Л.С. өткізді.


«Педагогтар үшін цифрлық...