"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тельмана отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дені саудың — жаны сау»

6 наурыз күні «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Скороход М.И.-дің ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күні — 8 Наурыз мерекесіне арналған «Дені саудың — жаны сау» атты волейболдан жарыс өтті.
Жарысқа жоғары сынып оқушыларынан құралған екі команда қатысты. Ойын тартысты, бірақ достық атмосферада өтті. Қатысушылар ұйымшылдықтарын, спорттық рухтарын және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша «Шторм» командасы — 2 орын, ал «Молния» командасы — 1 орын иеленді.
Жарысқа белсенді қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз, сондай-ақ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Скороход М.И.-ге спорттық іс-шараны ұйымдастырып, өткізгені үшін ризашылығымызды білдіреміз.


Текст