Текст
Бүгін ,17 сәүір күні "Тельман ауылының ЖОББМ" КММ-де бастауыш сыныптар апталығы аясында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Саурыкова Г.М. сабақ өткізді. Оқушылар қазақ тілінде еркін сөйлеп, қызықты ойындар арқылы тіл байлығын арттырды. Сабақтың мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту болды.
Балалар жұмбақ шешіп, мақал-мәтелдер айтып, топпен жұмыс жасап, белсенділік танытты. Шынайы эмоциялар мен жарқын сәттерге толы сабақ барлығына ұнады!