Текст
22 сәуірде жас педагог апталығы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адепбаева Ж.К. 8-сыныпта "Заманауи музыка. Окказионализмдер" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында оқушылар топтық,жұптық жұмыстарды істеді, сондай-ақ жеке тапсырмаларды орындады.
Балалар "окказионализм"ұғымымен танысты,оның неологизмнен айырмашылығын білді, заманауи музыкалық мәдениетінің мысалдарын талдады,контекстегі жаңа сөздердің мағынасын анықтады.
Сабақ медиа ресурстар мен сыни ойлау элементтерін пайдалана отырып,интерактивті түрде өтті. Оқушылар тақырыпқа асқан қызығушылықтарын танытып,теориялық білімдерін практикада қолдану қабілетін көрсете отырып,сабақта болған әртүрлі пікірталастарға белсенді қатысты.