Текст
"Тельман ауылының ОМ" КММ жас маман апталығының жоспарына сәйкес 22 сәуірде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гавдаева Д.К. 7-сыныпта "Healthy food and sport"тақырыбында ашық сабақ өткізді. Балалар сабаққа белсенді қатысты, өткен материалды қайталап, жаңа тақырыпты зерттеуге кірісті.Карточкалармен жұмыс істеді. Сабақ барысында оқытудың интерактивті әдістері қолданылды. Жеке, топтық тапсырмаларды орындады. Оқушылар жоғары қызығушылық танытты, талқылауға белсенді қатысты және алған білімдерін тәжірибеде қолдана алды. Сабақ жемісті өтті. Мақсаттарға қол жеткізілді.