Текст
Ұйымдар тізімі
19.02.2026
Информатика онкүндігі аясында «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де
атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Интеллектуалдық сайысқа 9, 10 және 11-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін, ойлау жылдамдығын және топпен жұмыс істеу қабілеттерін сынады. Қатысушыларды әртүрлі тапсырмалар күтіп тұрды: информатика пәні бойынша сұрақтар, анаграммалар, ребустар, логикалық тапсырмалар және белгілі мақал-мәтелдердің цифрлық нұсқалары.
Іс-шара барысында ерекше қызықты атмосфера қалыптасты — командалар бір-бірін қолдап, нағыз бәсекелестік рухы сезілді. Оқушылар тапқырлық, зейін және ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білімдерін көрсетті.
Іс-шараны география және информатика пәндерінің мұғалімі Алиева Л.С. ұйымдастырып, өткізді.
