"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тельмана отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Орыс әдебиетінің құпиялары» әдеби квиз

03.03.2026

2 наурыз күні орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі жоспарына сәйкес «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адепбаева Ж.К. 8–10 сынып оқушылары арасында «Орыс әдебиетінің құпиялары» атты әдеби квиз түріндегі сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Жреби тастау арқылы оқушылар үш тең командаға бөлінді, әр команда құрамында әр сыныптан екі өкілден болды. Әр команда өздеріне әдеби атау таңдады. Әдеби шайқасқа «Гоголята», «Жазушылар» және «Мини Онегиндер» командалары қатысты.
Квиз төрт кезеңнен тұрды: «Әдеби блиц», «Құпия шифр», «Әдеби досье: сенемін/сенбеймін», «Эмодзи-шифр».
Әр дұрыс жауап үшін қатысушылар жазушылар бейнеленген әдеби монеталар алды.
Іс-шара қызықты, жылы әрі достық атмосферада өтті. Оқушылар орыс әдебиеті шығармалары бойынша жақсы білімдерін, тапқырлықтары мен командалық рухтарын көрсетті.
Қорытындысы онкүндіктің жабылу салтанатында жарияланады.

Просмотров: 723


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст