Текст
Ұйымдар тізімі
16.03.2026
«Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 5–11 сынып оқушылары арасында туберкулез тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Әңгімені мектептің медбикесі Горадзе Т.Л. жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға туберкулез дегеніміз не екені, оның жұғу жолдары, аурудың негізгі белгілері, сондай-ақ алдын алу шаралары және дәрігерге уақытында қаралудың маңыздылығы туралы түсіндірілді. Оқушылар өз денсаулығын сақтау туралы пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

