Текст
Ұйымдар тізімі
16.03.2026
«Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 8–11 сынып оқушылары (қыздар) арасында «Ерте жүктілік» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Іс-шараны мектептің медбикесі Горадзе Т.Л. жүргізді. Әңгіме барысында оқушыларға ерте жүктіліктің салдары, өз денсаулығына және болашағына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы түсіндірілді.
Сондай-ақ оқушыларға «Қыз бала есейгенде» атты танымдық фильм көрсетілді. Фильмнен кейін қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті түсіндірмелер алды.

