Текст
Ұйымдар тізімі
22.03.2026
18 наурыз күні «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Наурыз мерекесіне арналған « Қөш келдің, Әз Наурыз» атты мерекелік концерт өтті.
Мектеп ұжымы мен оқушыларына құттықтау сөзбен оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Байнабекова С.К. сөз сөйледі.
Мектеп оқушылары жарқын концерттік бағдарлама дайындады: әндер шырқалып, билер орындалып, өлеңдер оқылды. 10-сынып оқушылары «Қалта» дәстүрі туралы айтып, оны көрсетті. 6-сынып оқушылары Наурыз мерекесіндегі жомарттықтың маңыздылығы туралы көрініс қойып, өз өнерлерін дәстүрлі шашумен аяқтады.
Іс-шара жылы, достық атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

