Ұйымдар тізімі
13.05.2026
8 мамыр күні «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған сап және ән байқауының қорытындысы бойынша оқушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
6 мамыр күні 2–11 сынып оқушылары саптық дайындықтарын, командалық бірліктерін, тәртіптерін және саппен жүру шеберліктерін көрсетті. Барлық қатысушылар байқауға үлкен жауапкершілікпен қатысып, жоғары дайындық деңгейін танытты.
Байқау қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
Бастауыш буын:
🥇 I орын — 3 сынып
🥈 II орын — 4 сынып
🥉 III орын — 2 сыныптар
Орта буын:
🥇 I орын — 8 сынып
🥈 II орын — 5 сынып
🥉 III орын — 6 сынып
🥉 III орын — 7 сынып
Жоғары буын:
🥇 I орын — 10 сынып
🥈 II орын — 9 және 11 сыныптар
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз! Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!

