Текст
Ұйымдар тізімі
15.05.2026
30 сәуір күні «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Жасыл апта» акциясы аясында 11-сынып түлектерінің қатысуымен көшет отырғызу жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және мектеп аумағын көркейту болды. Түлектер акцияға үлкен ынтамен қатысып, туған мектебінің көгалдануына өз үлестерін қосты.
Отырғызылған ағаштар 2026 жылғы түлектердің естелігі ретінде сақталып, болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғауға қосылған игі үлес болмақ.

