Текст
12.09.2026
«Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушылар мен педагогтер жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиынға қатысты.
Бұл күні ерекше назар мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерімізге, яғни 1-сынып оқушыларына аударылды. Олар үшін бұл күн білімнің қызықты да ғажайып әлеміне жасалған алғашқы қадам болды.
Барлық оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, мол білім, жарқын жетістіктер және жоғары нәтижелер тілейміз!

